Бокс
Кеше 17:15

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен кейін мәлімдеме жасады

©Instagram/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен (21-1, 13 КО) жекпе-жектен кейін басқа чемпиондарды айқасуға шақырды. 

Осылай Жәнібек WBO және IBF тиутылдарын қорғап қалды. 

Айта кетейік, бұған дейін бокс шолушысы Бен Дэймон Әлімханұлы WBO титулынан айырылып қалды деп дүрліктіріп қойды. Дегенмен жекпе-жек алдында менеджер Эгис Климас Жәнібектің екі титулы да өзінде деп мәлімдеді. 

"Бұл оңай жекпе-жек болған жоқ. Мен стилімді көрсетіп, жоспар бойынша әрекет еттім. Қарсыласымды жеңдім. Енді маған тағы екі титул керек - олар Лара мен Адаместе. Мен оларды жекп-жекке шақырамын. 

Жекпе-жекті тамашалуға келген және теледидардан көрген жанкүйрелердің бәріне алғыс айтамын. Еліміздің атын ары қарай асқақтата береміз!", - деді Жәнібек жекпе-жектен кейін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport