Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке дайындықты бастады
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшының командасы әлеуметтік желіде видео жариялап: "Бастадық" деп жазыпты.
Мұның алдында Жәнібектің өзі келесі айқасының қазан айына жоспарланғанын хабарлаған. Алайда ол жекпе-жектің өтетін орнын да, қарсылас кім болатынын да нақтыламады.
Дереккөз ақпараты бойынша, Әлімханұлының келесі қарсыласы орта дивизионда IBF чемпионы, германиялық Винченцо Гуалтьери (21-0-1, 7 КО) немесе WBO рейтингінде төртінші тұрған британиялық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) болады.
Кейінгі жекпе-жегін Жәнібек мамыр айында АҚШ-тың Стоктон қаласында өткізіп, канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Жарнама