Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы салмақта үш белбеудің иегері атанған Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) жеңісімен құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Еске салайық, Головкин соңғы кездесуін 9 сәуір күні Сайтама қаласында өткізіп, тоғызыншы раундта жапониялық Риото Муратаны нокаутпен жеңді.
"Бәрекелді. Жеңіс құтты болсын", - деп жазды Әлімханұлы Головкиннің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Әлімханұлының өзі келесі кездесуін 21 мамыр күні Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы ұлыбританиялық Дэнни Дигнум болады.