Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өз дивизионындағы чемпиондарға сес білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ боксшы твиттер желісінде Джермалл Чарло (WBC чемпионы), Деметриус Андраде (WBO) және Риота Муратаның (WBA Super) суреттерінен коллаж жасап, титулдарын тартып алатынын мәлімдеді.
"Жігіттер менің титулдарым сендерде. Жуырда оларды алып кетемін. Оңай жұмыс! Мен орта салмақ патшасымын!", - деп жазыпты Жәнібек.