Орта салмақта WBO және IBF чемпионы қазақстандықЖәнібек Әлімханұлы өзінің аты аңызға айналған отандасы Геннадий Головкинмен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жәнібек әлеуметтік желіде "ағасы" Головкинмен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады.
"Бүгінгі жарқын кездесу", - деп жазыпты Әлімханұлы екінші фотоға.
Айта кетейік, 5 сәуір Астанада өткен жекпе-жекте Жәнібек франциялық Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 KO) нокаутпен жеңіп, өз титулдарын қорғап қалған болатын.
GGG карьерасын аяқтады ма?Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (62-2, 39 KO) үшінші жекпе-жегін өткізіп, төрешілер шешімімен жеңілген еді. Олардың бірінші кездесуі 2017 жылы тең аяқталса, 2018 жылғы қарымтада төрешілер жеңісті "Канелоға" берген еді.
2024 жылдың ақпан айында 43 жастағы Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті болып сайланды, ал қыркүйекте ол World Boxing ұйымының олимпиадалық комиссиясына мүше болды. Дегенмен, ол кәсіпқой бокстан ресми түрде кеткенін жариялаған жоқ.