Бокс
31 қаңтар 10:47
 

Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін айқасатын күн белгіленді

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлы екі титул үшін айқасатын күн белгіленді ©x.com/Janibek Alimkhanuly

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайындалуда. Бокс кешін ұйымдастырушылар чемпионның айқас күні мен өтетін орнын таңдады. 

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізуге дайындалуда. Бокс кешін ұйымдастырушылар чемпионның айқас күні мен өтетін орнын таңдады. 

The Ring мәліметінше, Жәнібек орта салмақта IBF және WBO титулдарын 5 сәуір Астанада қорғайтын болды. Бұл бокс кешін ESPN арнасы трансляциялайды, сонымен бірге, бұл күні қазақстандықтың ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы Лас-Вегаста бокс кешін өткізеді екен. 

Алайда ұйымдастырушылар Әлімханұлының Қазақстандағы жекпе-жегіне әлі де қарсылас таба алмай отыр. Бұған дейін қарсылас болады деген британиялық Шакил Томпсон (13-0, 7 КО) тым үлкен гонорар талап етуде

Жәнібек кәсіпқой карьерасында Қазақстанда екі жекпе-жек өткізген екен. Кейінгі рет 2017 жылы қыркүйекте. Міне содан кейінгі 13 айқасының бәрі АҚШ-та өтті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!