Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Ташкенттегі әлем чемпионатына қатысып жатқан бокстан Қазақстан құрамасына үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан бұл жарысқа барлық 13 салмақта боксшы апарды.
"Сәттілік бауырлар", - деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.
Good luck brothers ✊✊✊ pic.twitter.com/bnHBd6vCd6
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) May 1, 2023
Еске салайық, кеше басталған әлем біріншілігінде рингке шыққан қазақстандық екі боксшы да алғашқы айқастарында жеңіске жетті - Талғат Сырымбетов (60 келі) және Айбек Оралбай (92).
Жарнама