Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) қарсылассыз қалғанға ұқсайды.
Бұған дейін инсайдер Дэн Рафаэль Жәнібек көктемде рингке оралатынын, ал қарсылас жеңілмеген британиялық Шакил Томпсон (13-0, 9 КО) болатынын хабарлаған. Өйткені боксшылардың командасы келісімшартқа қол қоюға аз қалған деген еді.
Кейін британиялық боксшының менеджері Кевин Мари Әлімханұлының командасымен келіссөз болғанын растады, бірақ, тараптар гонорарға келісе алмаған екен.
"Жәнібек сәуірде отанына оралады. Орта салмақ "Үрейі" 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде айқасады. Қарсылас бұрын айтылғандай Шакил Томпсон емес. Қарсыластың есімі алдағы аптада жария етіледі", - деп жазыпты Лаптон X әлеуметтік желісінде.