Жәнібек 13 нокауты бар жеңілмеген британиялықпен айқаспайтын болды

Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) қарсылассыз қалғанға ұқсайды.
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) қарсылассыз қалғанға ұқсайды.
Бұған дейін инсайдер Дэн Рафаэль Жәнібек көктемде рингке оралатынын, ал қарсылас жеңілмеген британиялық Шакил Томпсон (13-0, 9 КО) болатынын хабарлаған. Өйткені боксшылардың командасы келісімшартқа қол қоюға аз қалған деген еді.
Кейін британиялық боксшының менеджері Кевин Мари Әлімханұлының командасымен келіссөз болғанын растады, бірақ, тараптар гонорарға келісе алмаған екен.
Енді журналист Джеймс Лаптонның мәліметінше, қазақстандық боксшының командасы Томпсоннан бас тартып, Жәнібекке жаңа қарсылас іздей бастағанын жазуда.
"Жәнібек сәуірде отанына оралады. Орта салмақ "Үрейі" 5 сәуір Астанада өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде айқасады. Қарсылас бұрын айтылғандай Шакил Томпсон емес. Қарсыластың есімі алдағы аптада жария етіледі", - деп жазыпты Лаптон X әлеуметтік желісінде.
JANIBEK HOMECOMING IN APRIL
— James Lupton (@roundeightboxin) January 28, 2025
Middleweight boogeyman Janibek will headline a homecoming show in Astana, Kazakhstan on 5th April.
The opponent will not be Shakiel Thompson as reported. Opponent to be announced in the coming weeks. #boxing pic.twitter.com/wWMK4VbHJq
Жарнама