Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO тұжырымынша "уақытша" әлем чемпионы атағы үшін бразилиялық Эскива Фалькаоға (29-0, 20 КО) қарсы жекпе-жекке қатысты кезекті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жақында екі боксшы әлеуметтік желіде пікір алмасуға кірісті, оның барысында бразилиялық былай деп айтты: "Бұл маған емес, біздің командаға және Top Rank-ке байланысты екенін жақсы білесің".
Жәнібек Әлімханұлы болашақ чемпиондардың қатарына қосылды
Кейін твиттерде қазақстандықтың өзі Фалькаоға қарсы жекпе-жекке күмән келтірді:
"Әлі ешқандай жаңалық жоқ. Жаңа қарсыласым болатын сияқты. Кім екенін білмеймін, бірақ, мен кез келген адамды жеңемін! Маған чемпион атағы керек!" - деді Әлімханұлы.