"Жаңа Головкин" атанып кеткен қазақ боксшының келесі айқасы белгіленді
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (15-0,11 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбектің (15-0,11 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ассалаумағалейком Қазақ елі! Жекпе жек күні белгілі болды, титулдық жекпе жек өткіземін. Дайындық басталып кетті. Мен 10 қарашада ораламын", - деп жазыпты Сұлтан Instagram желісінде. Дегенмен жекпе-жектің өтетін орны мен қарсыластың есімі нақтыланбады.
Кейінгі рет қазақстандық боксшы шілде айында Эдинбургте (Шотландия) жұдырықтасып, бұрын жеңілмеген испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірген.
Осыдан кейін промоутерлік компания Сұлтанды атақты отандасы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) теңеп, жарнамалаған еді.
Жарнама