"Жаңа Головкин" атанған қазақ боксшы титулды айқасқа қашан шығатыны айтылды

Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Заурбектің (17-0, 12 КО) чемпиондық жекпе-жекке қашан шыға алатынын айтты.
Британиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Заурбектің (17-0, 12 КО) чемпиондық жекпе-жекке қашан шыға алатынын айтты.
"Жылдам ілгерлеп келе жатқан боксшы. Қазір ол WBA ұйымының топ рейтингінде. Оған топ-15 тізімдегі қарсыластармен бір-екі айқас өткізу керек. Жеңіске жеткен жағдайда чемпиондық кездесу өткізуге міндетті үміткер атанады. Сәті түссе, бұл екі-үш жекпе-жектен кейін болады.
Осылайша, қазақстандық боксшы жыл соңы немесе келесі жыл басында өз мүмкіндігін алады", - дейді Смит.
Жарнама