Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) келесі кездесуін мамырда өткізуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Негізі Кособуцкий ақпан айында франциялық Йохан Дюпуамен (39-6, 26 КО) WBC International белбеуі үшін айқас өткізуі керек еді. Алайда жекпе-жек өтпей қалды.
Кейін 33 жастағы боксшы пікір білдіріп, осы қарсыласпен мамыр айында кездесіп қалуы мүмкін екенін айтты.
Айта кетейік, 2021 жылы Кособуцкий үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті.