Жан Кособуцкийдің жекпе-жегін Қазақстанда тікелей эфирде көрсетеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) жекпе-жегін біздің елде тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) жекпе-жегін біздің елде тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жерлесіміз 21 мамыр күні Гамбургте Йохан Дюппен (19-6, 26 КО) қолғап түйістіреді.
"Айқасты Хабар арнасы көрсетеді", - деп жазды Кособуцкий.
Қос алып ауыр салмақта WBC International белбеуін сарапқа салады. Ал жекпе-жекті елорда уақытымен мамыр айының 21 түнгі сағат 00:00 бастап тамашалай аласыздар.
Еске салайық, 33 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері Гамбург төрінде бесінші кездесуін өткізеді. Жан осыған дейін өткен титулды төрт жекпе-жегінде уақытынан бұрын жеңіске жетті.
Жарнама