Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) келесі кездесуі қашан өтетіні мен қарсыласы белгілі болды, деп жазады vRINGe.com порталы.
Отандасымыз келесі кездесуін 21 мамыр күні Гамбург қаласының солтүстігіндегі Вильгельмсбург аймағындағы Inselparkhalle спорт кешенінде өткізеді. Жекпе-жек Universum промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын шоу аясында болады. Аталған кездесуде ауыр салмақтағы WBC International белбеуі сарапқа салынады.
33 жастағы Кособуцкийдің қарсыласы ауыр салмақта WBC белбеуіне үміткер болған 41 жастағы франциялқ Жоанн "Reptile" Дюопа (39-6, 26 КО).
Негізі бұл боксшылар ақпанда кездесуі керек еді. Алайда франциялық боксшының командасынан коронавирус анықталып, айқас кейінге шегерілді.