Бокс
14 қаңтар 2020 08:24

"Жалтақтап отырғандарын білемін". Қазақстандық нокаутшы әлем чемпиондарымен жұдырықтаспақ

© facebook.com/eottmboxing/
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронамен (12-3-1, 4 КО) жекпе-жектен не күтетінін айтып берді.


Кездесу 25 қаңтар Монреальдағы Montreal Casino аренасында өтеді. Қазақ боксшы WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental белбеулерін қорғайды. Бұл жекпе-жекке билеттердіәң бәрі сатылып кеткен екен.

"Өткен жылы үлкен іс бітірдім - үш жекпе-жегімде жеңіске жетіп, екі белбеу иелендім. Ал алда мықты қарсылас күтіп тұр. Рейтингте ол меніңбұрынғы қарсыластарымның бәрінен жоғары тұр. Ал соңғы кездесуінде аймақтық IBF Latino белбеуін жеңіп алған. 

Бұл айқасқа дайындаып жатырмын. Әр жекпе-жек мен үшін сын және биікке апарар маңызды қадам. Командамызбен оның стилін зерттедік, біз дайынбыз. Әдеттегідей алға бастырмалап, өзімнің агерссив стилімде боламын. Бұл кездесудегі жеңіс мені IBF және WBC чемпиондарымен жекпе-жекке жақындата түседі. Олар маған жалтақтай қарап отырғанын білемін. Биыл олармен рингте жақсырақ танысқым келеді", - дейді Жүкембаев.