Кәсіпқойда әлемнің абсолют чемпионы Наталья Рогозина бокстан Қазақстан құрамасындағы дауда Ангелина Луксқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында Лукас командада жағдай ушығып тұрғанын мәлімдеп, Қазақстан президентінен көмек сұраған. Сонымен бірге, ол әлемнің екі дүркін чемптоны Назым Қызайбайды допинг қолданады деп айыптады.
Ангелинаның сөзінше, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев оны Қазақстан құрамасынан шығарып тастаған. Осыдан кейін Лукастың "ісін" мәдениет және спорт министрлігі бақылауға алды.
"Жақтан екі салып қал, бұл не бассыздық?! Жақында Отаныма, Қазақстанға келуді жоспарлап отырмын, сол кезде кіріп, жағдайларыңды білемін. Бірдеңе болса, мен қасыңдамын! Қыздарды ренжітуге жол бермеймін", - депті Рогозина Instagram желісіндегі Лукастың жазбасына.