Жақиянов боксшыларды дайындайтын спорт мектебінің басшылығына тағайындалды
© Hattonboxing.com
Аса жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов Петропавлдағы олимпиада резервін даярлайтын облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында хабарланған.
Жақиянов мектеп ұжымына таныстырылды. Ал бұрынғы директор Нұрлан Әбдірахманов Петропавлдағы жаңа тенис кортының директоры болды.
34 жастағы Жақиянов карьерасын аяқтағаны туралы ақпанда мәлімдеген. Кәсіпқой боксқа 2007 жылы келген спортшы 29 жекпе-жек өткізіп, 27 кездесуде жеңімпаз атанды (нокаутпен 18) және екі рет жеңілді.
Жақияновтың былтыр 21 қазанда өткізген соңғы жекпе-жегінде төрешілер шешімімен британиялық Райан Барнеттен (19-0, 9 КО) жеңген болатын. Белфестте өткен жекпе-жекке WBA және IBF белбеулері тігілген еді. Кездесуден кейін Барнетт міндетті допинг сынамасын тапсырмады және ол үшін еш жазаланбады. Жақияновтың командасы WBA және IBF ұйымдарына қарымта өткізу туралы өтініш білдірді, бірақ, одан еш нәтиже болмады.

Жарнама