"Жабайы аң, сұмдық қуатты". Сарапшы пуэрториколық боксшы Батыр Жүкембаевқа немен қауіпті екенін айтты
Қазақстандық Батыр Жүкембаевпен (18-0, 14 КО) жекпе-жекте Сабриэль Матиастың (16-1, 16 КО) жұдырықтасу санаты төмендеу болғанымен, пуэрториколық боксшы өте қауіпті. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingscene.com шолушысы Элиот Фостер осындай пікір білдірді.

"Жүкембаевтың техникасы жақсы және жоғары санатта екені анық. Васкесті айқын жеңуі қазақстандық проспекттің қолынан не келетінін көрсетті. Оның өз стилі бар, жылдам. Шашырамай, ретті жұдырықтасады. Оның стилі - жоспарды бұлжытпай ұстану. Жүкембаевтың әуесқойда үлкен тәжірибесі бар. Сондықтан техникасы тамаша. Ал Матиас өз кезегінде - жабайы аң. Қуаты сұмдық. Ол жұдырық ала жүгіргенді жақсы көреді. Осындай айқастардың бірі қайғылы аяқталған (Максим Дадашевтің өлімі), бұл да Жүкембаевқа психологиялық тұрғыда қысым болуы мүмкін.
Нақты біреуінде басымдығы бар деп айту қиын. Мен қазақстандық боксшы жеңеді дегенге иланамын, дегенмен, Матиастың есеңгіретер соққысы оған бөгет болуы мүмкін. Бұл өте қызықты айқас, міндетті түрде көру қажет", - дейді Фостер.
Жарнама