Қазақстандық кәсіпқой боксшы (12-0, 11 КО) келесі кездесуін 10 желтоқсан күні АҚШ жерінде өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.
Алиевтің айтуынша, Дычко негізі шаршы алаңға бір апта бұрын шығуы керек болған. Оның айқасы Омаха қаласында өтетін бокс кешіне белгіленіпті.
"Иванның кездесуін 3 желтоқсаннан 10-на ауыстырды. Жекпе-жек Теренс Кроуфорд пен Давид Аванесян арасындағы айқастың андеркартында болады", - деді Алиев.
Айта кетейік, 35 жастағы Кроуфорд (38-0, 29 КО) алдағы кездесуінде жартылай орта салмақтағы WBO белбеуін қорғайды.
Еске салайық, Дычко соңғы кездесуін маусымда Аргентинада өткізіп, жеңіске жеткен еді.