Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычконың (11-0, 11 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
BoxRec сайтының ақпараты бойынша, 31 жастағы Дычко келесі кездесуін 16 сәуір күні Мерфрисборо (Теннесси штаты, АҚШ) қаласында өткізеді. Кездесу 10 раундтқа жоспарланған. Бұл жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы 31 жастағы америкалық Жаниэль Марца (20-10-1, 17 КО) болады.
Еске салайық, жуырда Дычко екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) промоутерімен келісімшарт жасаған еді.
Соңғы кездесуін отандасымыз Қазақстанда өткізіп, ресейлік Александр Устиновтан айласын асырды.