"Иран Халкының" Қазақтың алыбынан жеңілгенін масқара деп атады
Sport24.ua порталы Алмат "Қазақ Титаны" Жұманов пен Саяд "Иран Халкы" Гариби арасындағы бокс ережесі бойынша жекпе-жекке баға берді.
Sport24.ua порталы Алмат "Қазақ Титаны" Жұманов пен Саяд "Иран Халкы" Гариби арасындағы бокс ережесі бойынша жекпе-жекке баға берді.
Қазақтың алыбы "Иран Халкын" бірінші раундта нокаутпен жеңді
"Стронгмен және әлеуметтік желі жұлдызы "Иран Халкы" рингте екі минут та шыдамады.
Әрине, ешқайсы техникасымен таңқалдырған жоқ. Өйткені тіпті бокспен әуесқой да айналыспаған. "Қазақ Титан" қарсыласына бірнеше дәл соққы жасады, ал "Иран Халкы" бірде-бір рет тигізе алмады.
Өзінің жеңілгенін білген Гариби арқасымен бұрылып, ринг жағалай Жұмановтан қаша жөнелді. Мұндайды көрмеген төреші масқараға айналған жекпе-жекті тоқтатуды ұйғарды және жеңісті "Титанға" берді", - деп жазады сайт.
Жарнама