Бокс
18 шілде 2022 07:44

Инсайдер "Канеломен" айқастан кейін Головкин не істейтінін ашық айтты

©Reuters

Орта салмақта WBA Super, IBF және IBO вчемпионы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жектен кейін карьерасын аяқтайды. Мұндай пікірді инсайдер әрі журналист Майк Коппинджер айтты.

"Головкин 40 жасқа келді және оның аңызды карьерасы аяқталуға жақын. Ол ұзақтан бері "Канеломен" үшінші айқасты тіледі. Бұл оның текетіресті тоқтататын соңғы мүмкіндігі. 

Ол жеңсе де, жеңілсе де Даңқ залына кіреді. Ол ондаған миллион табыс көрді, ал алдағы ең ірі гонорар соңғы болуы ықтимал. 

Головкин осы бір табыс оған зейнетке шығуға көмектесетінін мойындап та қойды. Алдыңғы 24 раунд ештеңе шешпеді. Ал алдағы жекпе-жектен кейін бәрі шешіліп, Головкинге істейтін ештеңе қалмайды", - деп жазыпты Коппинджер ESPN сайтында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport