The Ring журналының инсайдері Майк Коппинджер орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің жаңа телеәріптеспен келіссөзі жайында тың жаңалықтар айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Журналистің мәліметінше, Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшартқа отыруға жақын.
"Дереккөздердің ақпараты бойынша, Головкин мен оның командасы осы аптада DAZN өкілдерімен кездесіп, бірнеше жекпе-жек бойынша шарттарды талқылайды. Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы жаңа келісімшарттың екінші жекпе-жегінде қыркүйекте "Канеломен" реванш өткізуді жоспарлап отыр. Головкиннің болжамынша, мексикалық боксшы 4 мамырда Дэниэл Джейкобсты ұтады", - деп жазды Коппинджер твиттерде.
Қазір Головкин еркін агент болып жүр. 2012 жылдан бері ол НВО телеарнасында өнер көрсеткен. Бірақ бұл арна биылдан бастап бокстан кетті. НВО-мен келісімшарт бойынша Головкиннің соңғы жекпе-жегі Сауль Альвареске қарсы матч-реванш болған. Бұл кездесуде GGG қарсыласына ұпай санымен жол беріп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылып қалды.
Головкинді жеңгеннен кейін "Канело" DAZN-мен 365 миллион долларлық келісімшартқа отырды. Осы келісім аясындағы алғашқы жекпе-жегін мексикалық боксшы былтыр желтоқсанда өткізген еді. Альварес екінші орта салмақтағы дебютін сәтті өткізіп, британиялық Рокки Филдингті нокаутпен жеңді.
"Канело" енді 4 мамырда IBF чемпионы Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасады. Америкалық боксшы да Головкинмен жекпе-жек өткізген еді. 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте Джейкобс Головкинге қарсы 12 раундқа шыдаған алғашқы боксшы атанды. Сол кездесуде Головкин төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың ортасында бірнеше дереккөз Головкиннің DAZN-мен келісімшартқа отырғанын хабарлаған еді. Алайда қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Жарнама