Бокс
1 мамыр 2017 19:00
 
Ибрагимов Азия-2017 чемпионатының ширек финалына өткен қазақстандық үшінші боксшы болды

  Пікірлер

blog.share

Ибрагимов Азия-2017 чемпионатының ширек финалына өткен қазақстандық үшінші боксшы болды Бекдаулет Ибрагимов. Сурет: Данияр Майлыбаев

Қазақстандық боксшы Бекдаулет Ибрагимов (64 келіге дейін) Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз Иорданияның боксшысы Обада Алкасбехпен жекпе-жек өткізді. Кездесу 3:0 есебімен аяқталып, Бекдаулет Ибрагимов жеңіске жетті.

Ал ширек финалда отандасымыз Ирак боксшысы Каррар Аал-Эзирежбен кездесу өткізеді. Ол алдыңғы жекпе-жекте Шри-Ланка боксшысы Душан Сапарамадуді нокаутқа түсірген болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қайрат Ералиевтің Ташкенттегі Азия чемпионатының ширек финалына өткені хабарланған болатын. Енді екінші кезеңде Қайрат Ералиев Асрор Вохидов (Тәжікстан) - Риомей Танака (Жапония) жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Жекпе-жек 3 мамырға белгіленген.

Жарнама

Живи спортом!