Өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов (15-0, 14 КО) Халықаралық бокс федерациясының IBF рейтиінгіне кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Джалолов рейтингте 13-орында тұр.
Ал бұл тізімде көшбасшының орны бос. Екінші орында британиялық Дерек Чисора (36-13, 23 КО), ал үшінші нигериялық Эфе Аджагба (20-1, 14 КО).
IBF белбеуі британиялық Даниэль Дюбуада (22-2, 21 КО).
Еске салайық, Джалолов 5 сәуір Астанда украиналық Игорь Шевадзутскийді төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Жарнама