Бокс
11 мамыр 2022 21:55

IBA намысын қорғаған Ангелина Лукас әлем чемпионатының бірінші кездесуінде жеңілді

©instagram.com/angelina_lukas1997/

Түркиядағы әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде Халықаралық бокс федерациясының (IBA) намысын қорғаған қазақстандық боксшы Ангелина Лукас бірінші жекпе-жегінде жеңілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Лукас бірінші айналымда Бразилия елінің өкілі Каролин де Алмайдамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Ангелина 0:5 есебімен есе жіберді. 

Айта кетейік, Лукас 2021 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, украиналық Светлана Василевкийден айласын асырды. Ол кездесу төрт раунд болып, төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді. 

Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатының екінші кезеңіне Алуа Балқыбеков (48 келі), Жайна Шекербекова (52 келі) және Валентина Хальзова (70 келі) шыққан еді. 

Ал Аида Әбікеева (63 келі) бірінші айналымнан аса алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport