ХОК Левитті Олимпиада алтынынан "айырған" төрешілерді жазалады
© sport-express.ru/
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2016 жылы Рио-де-Жанейрода болған төрешілердің ешбірін 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыстырмайды, - деп хабарлайды Inside the Games.
ХОК төрешілер бойынша арнайы пул жасап, мамандарды осы тізімнен ғана таңдамақ. Токио Олимпиадасында төрелік ететін мамандар арнайы аттестациядан өтуі қажет болады және әрбірінің өмірбаяны зерттеледі.
Мұның бәрі әуесқойдағы бокс турнирлерінің айқындылығын арттыруға бағытталған. Ал Риодағы Олимпиадада даулар көп еді. Қазір ХОК ол турирдегі келісілген болуы мүмкін жекпе-жектерді тергеуге алды.
Сонымен қатар, енді жекпе-жек есебі әрбір раунд сайын тақтайшадан көрсетілетін болады. Айта кетейік, Рио Олимпиадасындағы төрешілер тіпті Олимпиадаға іріктеу жарыстарынан да шеттелді.
Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиадада болған ең үлкен даулардың бірі 91 келіге дейінгі салмақта болды. Ақтық жекпе-жекте қазақстандық Василий Левит төрешілердің шешімімен ресейлік Евгений Тищенкодан жеілді. Бұған тіпті көрермендер де шулап қоя берген. Осыдан кейін жүлделерді ұсыну кезінде де көрермендер наразылығын білдірген.

Жарнама