Бокс
12 ақпан 2019 14:57
 
"Голвкинмен жұдырықтасқанда оны тым әсірелеп жіберген". ESPN сарапшысы "Канело" - Джейкобс жекпе-жегі жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Голвкинмен жұдырықтасқанда оны тым әсірелеп жіберген". ESPN сарапшысы "Канело" - Джейкобс жекпе-жегі жайлы © HBO

ESPN журналисі Фернандо Барбоза Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBA (Super) және WBC чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен осы дивизионда IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 KO) арасындағы жекпе-жек неге қызықсыз болатынын түсіндірді. 

Боксшылар арасындағы жекпе-жек 4 мамырда Мексиканың Синко де Майо ұлттық мерекесі күні өтеді. Бұл кездесудің жеңімпазына абсолют чемпион атану үшін Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) иеленіп отырған WBO белбеуі ғана қажет болады. 

"Орта салмақты жапырып өтеміз". Альварес абсолют чемпион атанбақ

"Канело" Джейкобсты төрешілер шешімімен жеңеді деп ойлаймын. Жекпе-жек тартысты болайды. Ең жақсы дегенде Джейкобс екі-үш раундта ғана басымдық көрсетер. Ол жаман боксшы емес, бірақ, Головкинмен жұдырықтасқанда оны тым әсірелеп жіберген. Қазіргі таңда ол "Канелоға" лайықты қарсылас емес. Альвареске қауіпті боксшылардан GGG-ден бөлек, WBC чемпионы Джермалл Чарло ғана бар. Джейкобске қарағанда Чарломен жұдырықтасқаны қызықтырақ болар еді", - дейді Барбоза. 

Мұның алдында мексикалықтың промоутері Оскар Де Ла Хойя орта салмақта Альварестен кейінгі ең мықты боксшы Джейкобс деген еді. Америкалық боксшының өзі сөзсіз жеңу үшін бар күшін салатынын айтқан. 

"Жоспар іске асты". "Канелоның" промоутері Головкинді Джейкобспен ұтымды келісім үшін пайдаланған

Жарнама

Живи спортом!