Бокс
15 қыркүйек 2017 09:22
 
Головкиннің не себепті EXPO кезінде жекпе-жек өткізе алмағаны белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің не себепті EXPO кезінде жекпе-жек өткізе алмағаны белгілі болды © boxingscene.com

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жекпе-жектің неліктен жазда Қазақстанда өткізілмегенін, сондай-ақ, отандасымыздың жекпе-жегін қашан өз елімізден көруге болатынын айтып берді.

- Том, Қазақстандағылар Геннадий өз отанында жекпе-жек өткізеді деп күтті. Жанкүйерлерге әлі де жекпе-жекті көруге үміттенуге бола ма?

- Геннадий Қазақстанда, өз отанында, жанкүйерлерінің алдында жекпе-жекпе өткізгісі келеді. Бұл жолы болмай қалды, онымен қоса, уақыт та болмады. Себебі Геннадий Джейкобспен өткен кездесуде 12 ауыр раунд өткізді. Геннадий осы жекпе-жекті Қазақстанда өткізгісі келді, бірақ біз тәуекелге бармадық. "Канеломен" кездесу мүмкіндігінен айырылып қаламыз ба деп ойладық. Себебі ол бүгінде бокстағы ең үлкен кездесу болмақ. Бірақ мен менеджерлердің Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетіндерін білемін.

- Қазақстанда Головкиннің жекпе-жек өткізуін ұйымдастыру қаншалықты қиын?

- Әрине, қаржылай көмек, демеушілердің қолдауы да керек. Себебі T-Mobile, Madison Square Garden ареналарда өтетін жекпе-жектерде ақылы транслациялар сатылады. Бұл біріншіден. Бірақ Қазақстанда жекпе-жекті ешкім ақылы транслация арқылы көрмейді. Онымен қоса, қарсыластарға қатысты мәселе. Геннадийге қарсыласын Қазақстанға әкелу үшін оған екі есе көп ақша төлеуі керек болады. Сондықтан мұнда міндетті түрде қаржылай көмек керек. Бірақ бізде EXPO кезінде осындай мүмкіндік болды. Келесі жылы осы мәселені қайта қарастырып көреміз деп ойлаймын.

Жарнама

Живи спортом!