Головкиннің промоутері қазақстандық нокатушы чемпион болатынын айтты

Белгілі промоутер Том Леффлер (360 Promotions) қазақстандық Садриддин Ахмедовтің (14-0, 12 КО) америкалық Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Белгілі промоутер Том Леффлер (360 Promotions) қазақстандық Садриддин Ахмедовтің (14-0, 12 КО) америкалық Рафаэль Игбоквемен (17-5, 7 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
Бұл жекпе-жек 13 желтоқсан Санта-Инезедегі бокс кешінің басты айқасы болады.
"Біз, Садриддин - болашақ чемпион деп есептейміз. Бұл оның бізбен бірге өткізетін екінші айқасы. Дәл осындай жекпе-жектерде ол орта салмақта қандай дәрежеде екенін көрсетеді. Рафаэль Игбокве Исраил Мадримовпен жұдырықтасқан. Бұл Садриддин үшін жақсы дайындық", - дейді Леффлер The Ring басылымына берген сұхбатында.
Жарнама