Бокс
22 сәуір 2021 10:56
 

Головкиннің промоутері DAZN платформасымен рекордты келісім жасады

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің промоутері DAZN платформасымен рекордты келісім жасады Сурет: Magzter

Эдди Хирннің Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы DAZN стриминг қызметімен рекордты келісім жасады. The Athletic инсайдерлері бес жылдық келісімшартты жүздеген миллион долларға бағалап отыр. 

blog.share

Эдди Хирннің Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы DAZN стриминг қызметімен рекордты келісім жасады. The Athletic инсайдерлері бес жылдық келісімшартты жүздеген миллион долларға бағалап отыр. 

Бұған дейін Matchroom Британия мен Иралндия бойынша Sky Sports арнасымен ондаған жыл бірге істеген еді. Енді компанияның ең мықты боксшылары - Каллум Смит, Конор Бенн, Кэти Тейлор, Лоуренс Околи - DAZN кестесіне кіреді.

Жаңа келесімшарт 2021 жылдың 1 маусымында күшіне енеді, ал оған дейін Matchroom компаниясы Sky Sports алдындағы міндетін орындайды.

Ал Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюри арасындағы супер жекпе-жек британияда Sky Sports Box Office және BT Sport Box Office арқылы көрсетіледі. Ал АҚШ-тан басқа әлемге DAZN трансляциялайды. Америкалықтар оны ESPN+ PPV арқылы тамашалайды. Хирннің ойынша, Фьюри Джошуадан нокаутпен жеңілгеннен кейін карьерасын аяқтайды. 

Айта кетейік, Хирн орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен де бірге жұмыс істейді. 2019 жылы наурызда GGG DAZN платформасымен 100 миллион долларға алты жекпе-жек өткізу бойынша келісімшарт жасаған.

Жарнама

Живи спортом!