Головкиннің командасындағы боксшы 12 нокауты бар қарсыласпен айқасады

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (22-1, 16 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 17 қаңтарында АҚШ-тың Коммерс қаласында өткізетін болды.
Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (22-1, 16 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 17 қаңтарында АҚШ-тың Коммерс қаласында өткізетін болды.
BoxRec.com мәліметінше, Алидің қарсыласы америкалық Рональд Эллис (18-5-2, 12 КО) болады, ал жекпе-жек он раундқа есептелген.
Бастапқыда қазақстандық боксшы рингке 25 қаңтарда оралатыны айтылған еді, алайда енді ол бір апта бұрын айқасатын болды.
Жекпе-жек кешін Геннадий Головкиннің бұрынғы промоутері Том Леффлер (360 Promotions) ұйымдастырады, ал трансляциясын UFC Fight Pass жүргізеді.
Жарнама