Бокс
8 шілде 2020 17:50
 
"Головкиннің к...н айырғанбыз". Бапкер Деревянченконың әділетсіздікке мұқалмайтынын айтады

  Пікірлер

blog.share

"Головкиннің к...н айырғанбыз". Бапкер Деревянченконың әділетсіздікке мұқалмайтынын айтады Сурет: Boxingnews.com.ua

Орта салмақта жұдырықтасатын украиналық боксшы Сергей Деревянченконың (13-2, 10 КО) бапкері Андре Розье мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) пен WBC чемпионы Джермалл Чарлоның (30-0, 22 KO) ұсынысына қатысты пікір білдірді. Маманның сөзін Boxingnews24.com беріп отыр. 

"Деревянченко оралады, ол кез келген қарсыласқа дайын. Істегіміз келетіні уақыт еншісіндегі дүние ғана. Деревянченко Альварес қиындық тудырады деп алаңдамайды. Сергей Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, оны жеңген. Дэниел Джейкобспен жекпе-жекке шықты. Бұл кездесу теңдей өтті. Сергей ешқашан шағымданбайды. Головкиннің к...н айырғанымызда, ол: "Жарайды, бапкер, бәрі жақсы. Басқа мүмкіндігіміз бар" деген еді. 

Деревянченко кіммен жұдырықтасатыны маңызды емес - "Канело" немесе Чарло. Бұл деңгейде кез келген қарсыласқа дайын болу қажет. Қай жекпе-жек немен аяқталарын білмейсің. Бәрі Деревянченкоға байланысты", - дейді Андре Розье.

Жарнама

Живи спортом!