The Athletic порталының инсайдері Майк Коппинджердің ақпараты бойынша, Деревянченко орта дивизионда WBC чемпионы америкалық Джермалл Чарломен (30-0, 22 KO) жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Боксшылар кездесуді қыркүйек немесе қазанда өткізуге келісуі мүмкін.
Келісімшартқа қол қойылған жағдайда жекпе-жек Premier Boxing Champions компаниясымен келісімі бар Fox немесе Showtime арналарында трансляцияланады. Бұл кездесуде америкалыққа тиесілі WBC титулы сарапқа салынады.