Бокс
17 шілде 2018 18:14
 
Головкиннің экс-қарсыласында Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуге ықыласы бар

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің экс-қарсыласында Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуге ықыласы бар ВКонтакте желісіндегі "КАЗАХСТАНСКИЙ БОКС" парақшасынан

Жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Келл Брук (37-2, 16 КО) тағы бір қазақстандық -  Қанат Исламмен (25-0, 20 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне британиялық боксшы командасының өкілі Ли Андервуд айтып берді. 

Оның сөзінше, қазақстандықпен келісім жасау мүмкіндігі болмады, алайда, бұл жекпе-жек болашақта өтуі ықтимал. 

"Иә, расымен Қанат Исламды қарастырып отырмыз. Ол бірталай жекпе-жек өткізген болашағы бар боксшы. Өкініштісі, жекпе-жек туралы келісе алмадық. Енді Брук канадалық Брэндон Кукпен жұдырықтасады. Бұл жігіт те оңай емес. Қазір Келлдің бар ойы алдағы жекпе-жекте. Ал Исламмен болашақта жұдырықтасар", - дейді Андервуд. 

Айта кетейік, Келл Брук 2016 жылы Англияда қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңілген. Ал Кук 2017 жылы Астанада Қанат Исламмен жұдырықтасып, нокаутпен жеңілген. 

Жарнама

Живи спортом!