Головкиннің екі чемпиондық титул үшін Деревянченкомен жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Қазақстандық QazSport және Qazaqstan телеарналары 5 қазанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді. Кештің басты оқиғасы - қазақстандық Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы титулдық жекпе-жек болмақ, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен шоу 6 қазанда таңертең басталады. Головкин мен Деревянченко орта салмақтағы екі титулға жұдырықтасады. IBF белбеуінен басқа боксшылар IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады.
Головкин мен Деревянченконың басты жекпе-жегінен бөлек, бұл бокс кешінің аясында GGG Promotions компаниясының өкілі, екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Ол он раундтық жекпе-жекте америкалық Эндрю Эрнандеспен кездеседі.
Еске салсақ, бүгінде бұл бокс кешінің ауқымы сегіз жекпе-жекке жетті. Головкин осы кездесуде нокаутпен жеңуге уәде берген.

Жарнама