Головкиннің бұрынғы промоутері чемпион болатын қазақты атады

Кезінде Геннадий Головкиннің ісін жүргізген промоутер Том Леффлер қазақстандық Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) кәсіпқойда үлкен жетістіктерге жете алады деген ойда, деп жазады Vesti.kz.
Кезінде Геннадий Головкиннің ісін жүргізген промоутер Том Леффлер қазақстандық Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) кәсіпқойда үлкен жетістіктерге жете алады деген ойда, деп жазады Vesti.kz.
Ахмедов 19 сәуір АҚШ-тың Коммерс қаласындағы бокс кешінде мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жекпе-жекке шығады.
"2025 жылы Лос-Анджелестегі шараларымыз кеңейіп келеді. 19 сәуірдегі Hollywood Fight Nights шоуы соның жалғасы. Садриддин Ахмедов Оңтүстік Калифорния жанкүйерлерін екі нокаутымен тамсандырды және онда Қазақстаннан шыққан келесі чемпион болуға қажеттінің бәрі бар. Элиас Эспадас жеңілмеген мықты қарсыластармен бұрын да айқасқан, сондықтан он раундтық бұл айқас мықты жекпе-жектердің бірі болады", - дейді Леффлер.
Жарнама