Белосток (Польша) қаласында өткен кездесуде жергілікті боксшы Камил Шеремета (22-2-1, 6 KO) бельгиялық боксшы Саша Енгоянды (45-9-1, 26 KO) жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Кездесу он раунда жоспарланған. Айқастың оныншы раундында Шеремета қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Еске салайық, 2020 жылдың желтоқсан айында Шеремета орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) кездескен болатын. Бұл кездесу барысында отандасымыз қарсыласын төрт мәрте нокдаунға түсірді. Сөйтіп жетінші раундтан кейін Шереметаның бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.