Бокс
26 маусым 2018 17:28
 
Головкиннің бапкері боксшының жоғары салмаққа өтуінің басты шартын айтты

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің бапкері боксшының жоғары салмаққа өтуінің басты шартын айтты Геннадий Головкин және Абель Санчес. Сурет: boxingscene.com

WBA (Super), IBO, WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жоғары салмаққа өте алады. Бірақ ол салмақта лайықты ұсыныс болып, GGG ынталанған жағдайда ғана. Бұл туралы BoxingScene басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшының  бапкері Абель Санчес айтты. 

"Марвин Хаглер барлық жекпе-жегін орта салмақта өткізді десе де болады. Оның салмағы сол болатын және ешкім жоғары салмаққа өтуін сұраған жоқ", - деп келтіреді Санчестің сөзін vRINGe.com. - Меніңше, Головкинге, өзге де үздік боксшылар үшін жұдырықтасуға себеп болу керек. Оларды ынталандыру қажет, қауіпті бір жігіт керек. Ал құлшыныс болмаса, айналаңда қанша қарсылас жүргені маңызды емес. Егер суперорта салмақта ондай жігіт пайда болса, Головкин жоғары салмаққа өтеді. Шықпаса орта салмақта қала береді. 

"Осы уақытта және осынша жасқа келгенде зал - боксшының барғысы келе бермейтін орын. Режимнің ең қиын тұсы да осы шығар. Жекпе-жектің өзі жеңіл. Егер Головкинді ынталандырса, ол залға оралады. Бірақ суперорта салмақта ондай жігіт бар ма білмеймін", - дейді Санчес.

Мұның алдында бапкер міндетті қарсылас Джермалл Чарлоға (27-0, 21 КО) Головкинмен жұдырықтасу үшін лайықты деңгейге жету керектігін айтқан.

Еске салайық, 15 қыркүйекте Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі  Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

Жарнама

Живи спортом!