Бокс
14 қазан 2019 11:18

Головкиннің әлем чемпионы атағындағы келесі жекпе-жегінің мән-жайы айтылды

© boxingscene.com
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) рингке 2020 жылы көктемде оралады. Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутерлерінің бірі Эдди Хирн (Mathroom Boxing) хабарлады.

Головкин Чикагодағы он мыңнан аса көрермен сиятын Wintrust аренасын 29 ақпанға алып қойған. Ал қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болуы мүмкін.

"Чикагодағы жанкүйерлер алдында Головкиннің абыройы бар. Егер ол міндетті қарсылас - Камил Шереметамен жұдырықтасатын болса, жекпе-жекті Чикагода өткізген жөн. Мұнда польшалықтар көп.

Әзірге Шереметамен жекпе-жек туралы нақты айту ерте, бірақ, бұл мүмкіндікті қарастырып жатырмыз. Осылай істеу керек болатын шығар. Бос боғлан белбеуді жеңіп алғанда саған міндетті қарсылас белгіленеді. IBF әзірге олай етпеді, алайда, олармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Шеремета белбеудің қайтадан бос болуына қол жеткізгісі келетінін білеміз", - деп келтіреді Хирннің сөзін Boxingnews24.com.