Бокс
28 қазан 2020 15:39
 
Головкиннің алдағы чемпиондық жекпе-жегінен кейінгі қарсыласы анықталды

  Пікірлер

blog.share

Головкиннің алдағы чемпиондық жекпе-жегінен кейінгі қарсыласы анықталды Хайме Мунгия. Сурет: Allboxing.ru ©

Мексикалық боксшы (35-0-0, 28 КО) алдағы уақытта Геннадий Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін. Бірақ бұл кездесу қазақстандық боксшының Камил Шереметамен кездесуінен кейін ғана өтеді,- деп хабарлайды As.com.

30 қазан күні Мунгия кәсіпқой бокстағы өзінің кезекті кездесуін Багам аралдарының өкілі Туреано Джонсонмен кездесуі керек. Мексикалық боксшы бұл кездесуде жеңіске жететін болса, Головкинмен кездесуге тағы бір табан жақындай түседі. 

Дегенмен бұл кездесуге дейін қазақстандық боксшы бір кездесу өткізу керек. Тарқатып айтсақ, Головкин полшалық Камил Шереметаға қарсы чемпиондық белбеуін қорғауға міндетті. Бейресми ақпарат бойынша, бұл кездесу 2020 жылдың қараша айында өтеді. Содан соң мексикалық боксшы мен Головкин арасындағы айқас 2021 жылдың басында өтуі ықтимал. 

Мунгия Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін бұған дейін де талай мәрте айтқан. Тіпті ол Сауль "Канело" Альварестің орнын басуға дайын екенін де мәлімдеп еді. 

Қазіргі уақытта бұл боксшы бірінші орта салмақта өнер көрсетеді. Бірақ қазақстандықпен кездесу үшін ол орта салмаққа көтерілуге дайын екен. 

Жарнама

Живи спортом!