Бокс
4 қазан 2021 11:12

Головкиннің абсолют чемпион атағы үшін жекпе-жегінің өтпеуіне кім кінәлі екені айтылды

©sportbox

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес орта салмақта абсолют чемпион атағы үшін британиялық Билли Джо Сондерспен (30-1, 14 КО) жекпе-жек неге өтпегенін айтты.

2017 жылы Головкинде WBA, WBC және IBF белбеулері, ал Сондерсте орта дивизионның WBO титулы болды. Бұл айқасты Қазақстанда ұймдастыру жоспарланған еді, алайда, ол сол күйі өтпеді.

"Сондерспен Қазақстанда жекпе-жек өткізу бойынша келісімшарт шынымен болды. Ол 2017 жылы ЭКСПО кезінде еді. Алайда көрме ұйымдастырушылары кепілді міндеттерін орындамады да, айқас өтпеді. Ал бұл жекпе-жекті ұйымдастырудың жалғыз жолы Билли Джоға берген уәдені орындау еді. Бірақ Сондерске айтылған сомманы төлейтінімізге кепіл бере алмадық та, келіссөз сонымен үзілді, өйткені бізде ондай ақша болмады", - дейді Санчес FightHub TV арнасына берген сұхбатында.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport