Головкиннен төрт нокдаунмен жеңілген Шереметаны белгісіз уақытқа бокстан шеттеді

Флорида штатының бокс комиссиясы польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жекпе-жек өткізуден белгісіз уақытқа шеттеп отыр,- деп хабарлайды Vesti.kz бокс туралы BoxRec порталына сілтеме жасап.
Флорида штатының бокс комиссиясы польшалық Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жекпе-жек өткізуден белгісіз уақытқа шеттеп отыр,- деп хабарлайды Vesti.kz бокс туралы BoxRec порталына сілтеме жасап.
Өткен демалыста польшалық боксшы IBF титулын қорғаған қазақстандық Геннадий Головкиннен (41-1-1, 36 КО) жеңілді. Шеремета төрт рет нокдаунға құлап, сегізінші раундқа шықпады. Ендігі польшалық боксшыға денсаулығын қалыпқа келтіру үшін уақыт қажет, аталған шектеулер де осы мақсатта қойылды.
Жарнама