Америкалық Габриэль Росадо (26-13-1, 15 KO) The Ring басылымына берген сұхбатында кәсіпқой боксшылар жасайтын негізгі қатенің бірін атады.
"Көптеген боксшының қателігі бірдеңе дұрыс болмай жатқанда оны түзеуге тырыспау. Бір нәрсені қайталап, бұрынғы нәтижені күтеді, бірақ, олай болмайды. Өзіңе әділ болуың керек.
Бар мәселе психологияда. Мен білімге ашықпын. Сол үшін жекпе-жекте қолымды ұстау мәнері мен тұрысымды өзгертуге дайынмын. Кәсіпқой бокста біржақты болып қалмай, бапкердің айтқанына құлақ асу қажет", - дейді Росадо.
Еске салайық, Головкин - Росадо айқасы 2013 жылы өткен, ол кезде GGG америкалықты жетінші раундта нокаутқа түсірген еді.
Росадо біраз уақыттан бері әйгілі бапкер Фредди Роучпен жаттыға бастады. Ал соңғы айқасында өзбекстандық проспект Бектемир Меликузиевті нокаутпен жеңді. Енді ол Головкинмен қарымта өткізгісі келіп жүргенін мәлімдеді.