Бокс шолушысы, германиялық сарапшы Лайф Хансмен Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) мен IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуалтьери (21-0-1, 7 КО) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.
Әлімханұлы бірнеше күн бұрын келесі жекпе-жегі қазан айныда өтетінін мәлімдеген. Алайда қарсыласы кім болатынын нақтылаған жоқ. Жәнібекке қарсылас ретінде Гуальтаримен қатар британиялық Феликс Кэш (16-0, 10 КО) қарастырылып отыр.
"Бұл тамаша жекпе-жек болатын еді. Головкиннен кейін титул біріктірген чемпиондарды көрмедік. Қазіргі таңда Әлімханұлы мен Гуальтери орта салмақтағы мықты боксшыны анықтай алады. Осындай айқас орта дивизионның белсенділігін оятып, қайта тірілтер еді. Өйткені қазір бір кездері ең қызықты болған орта салмақ іш пыстырар болып кетті. Бұл жекпе-жек жеңімпазы қалған чемпиондармен жекпе-жекті оңай алады. Командалар келісе алса болғаны. Көп дүние гонорар мен бокс кешінің өтетін орнына байланысты", - дейді Хансмен.