"Головкинмен үшінші жекпе-жек...". Сауль Альварес соңғы әрі нақты жауабын берді

Екінші орта салмақта WBA Super және WBC титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альварес (54-1-2, 36 КО) орта дивизионда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге қарсы емес,- деп хабарлайды ESPN KnockOut.

Головкин мен "Канелоның" келесі айқасы 2021 жылы асыға күтетін жекпе-жектер қатарына кірді
Өткен демалыста екі боксшы да рингке оралып, Головкин белбеулерін сәтті қорғады, ал мексикалық екінші орта салмақта екі титул жеңіп алды.
"Головкинмен үшінші жекпе-жек? Егере адамдар сұраса, жұдырықтасамыз", - деп береді мексикалықтың сөзін БАҚ.
Жарнама