Головкинмен кездесу алдында "Канело" Мейвезерден жеңілген кезін есіне алды
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогия алдында Флойд Мейвезерден жеңілісін еске алды, деп хабарлайды mundodeportivo.com.
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) трилогия алдында Флойд Мейвезерден жеңілісін еске алды, деп хабарлайды mundodeportivo.com.
"Мен мұны үнемі айтамын. Сол кеште мен жеңсем, әрине, менде атақ та, ақша да болар еді. Бірақ байлық пен даңқ мені жақсылыққа апармасы анық. Мүмкін мен соның буына мастанып кетер ме едім?! Ол кезде менің жұлдызды сәтім тумаған. Мен ол жеңілісті солай қабылдаймын. Мұндай шешімге келу үшін, жеңілістен кейін маған біршама уақыт керек болды", - дейді "Канело".
Мексикалықтың айтуынша, егер ол Мейвезермен қазіргі кезеңде жекпе-жекке шықса, бәрі басқаша болатын еді.
"Барлығы тәжірибеге қатысты. Сол кездегі "Канело" мен қазіргі "Канелоны" салыстырсақ, екеуі екі нұсқа сияқты. Қазіргі нұсқамен Флойдқа қарсы шықсам, ол кездесу мүлдем өзгеше аяқталар еді ", - дейді Альварес.
Жарнама