Орта және суперорта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы германиялық Феликс Штурм (40-5-3, 18 КО) түрмеден босап шықты. 2016 жылдан бері рингке шықпаған 41 жастағы боксшы 19 желтоқсанда жекпе-жек өткізбек,- деп хабарлайды vRINGe.com.
Салық төлемегені үшін сотталған Феликс бастапқыда 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда оның қорғаушылары боксшыны бірнеше пункт бойынша ақтап алған және спортшының өзі де тергеумен келісімге келген екен.
19 желтоқсанда оның қарсыласы кім болатынын әзірге белгісіз.
Еске салайық, Штурм бір кездері Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келген, қазақстандық боксшының командасы да неміске жекпе-жек ұсынған еді, алайда, кездесу сол күйі өтпеді.