Бокс
15 желтоқсан 2017 12:21
 
"Головкинмен жұдырықтасқан кездегідей емеспін. Қазір мүлде басқа боксшымын" - Давид Лемье

  Пікірлер

blog.share

"Головкинмен жұдырықтасқан кездегідей емеспін. Қазір мүлде басқа боксшымын" - Давид Лемье Давид Лемье. © boxingplanet.ru

Орта салмақта жұдырықтасатын бұрынғы әлем чемпионы, канадалық Давид Лемье (38-3, 33 КО) WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерсті (25-0, 12 КО) жеңетініне сенім білдірді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Головкинмен жұдырықтасқан кездегідей емеспін. Қазір мүлде басқа адаммын және бұл жекпе-жек өзгеше өтеді. Жаттығу лагерінде керектің барын жасадық. Сондерспен жұдырықтасу қиын болады деп ойламаймын. Оның ең үлкен қорқынышына айналам. Бұл жекпе-жек ол үшін тозақ болады, белбеуін алып кетуге дайынмын", - дейді Лемье. 

Еске салайық, Лемье 2015 жылы Головкинмен жұдырықтасып, IBF чемпионы атағынан айырылып қалған еді. Ал Сондерстегі WBO белбеуі GGG-ге әлемнің абсолют чемпионы атануға жетпей тұрған жалғыз атақ екенін айта кетейік. 

Жарнама

Живи спортом!